"Халықтан ақша жинап, мұқтажға көмектесемін дейді": Бүркіттің "ақталғаны" оқырмандардың ашуына тиді
"Халықтан ақша жинап, мұқтажға көмектесемін дейді": Бүркіттің "ақталғаны" оқырмандардың ашуына тиді
Әнсүйер қауымға "Бүркіт" деген лақап атпен танымал Айбек Сейітов пен Айгүл Иманбаева өнердегі інілері Ернар Айдарды қорғап, "Астарлы ақиқат" бағдарламасына қатысқан еді. Бағдарламада "Ернар Айдар ісі" ғана емес, соңғы уақытта жұлдыздардың жаппай лотерея өткізіп жатқандығы да талқыланды. Әрине, бір сағатта мұндай ауқымды мәселенің шешімін табыла қоймайды. Халықтың көкейінде қаншама сұрақ қалды. Бүркіт те айта алмай, ақтала алмай қалған секілді. Бағдарламадан соң ол Инстаграмдағы парақшасында "Астарлы ақиқатта" болған жағдайға байланысты пікір білдіріп, видео жүктеген. - Біз сын қабылдауды жақсы үйреніп алғанбыз. Адамдардың пейіліне не болған екен деп алаңдап отырмын. Кеше "Астарлы ақиқат" бағдарламасына барып, жүргізушінің айтқан сөздерін естіп, шынымды айтсам аузым ашылып қалды. Өзімді сабырлықпен ұстадым. Дегенмен де, кеше Аиша ұрысты, "Неге сен ақталасың? Өзің білесің ғой қандай адам екеніңді" деп. Біздің арымыз таза. Ешкімді ешқашан алдаған емеспіз. Сондықтан да, жасап жүрген өнеріміз де, тірліктеріміз де адал. Бір Алла біледі. Түсінемін, ондай бағдарламар біреуді қаралап өздеріне имидж жасап жүргендерін. Жарайды, жасасын. Бірақ, енді адамдарды арандатып, арасына іріткі салу - қатты кетіп жатыр-ау деймін. Өнер адам кемсіту, халық алдында жаман көрсету - қазіргі кезде норма сияқты. Сондықтан да, мен ешкімді бөліп-жармаймын. Ақ-қарасын өздеріңіз ажыратарсыздар. Барлығыңызды жақсы көремін", - дейді әнші.
Желі қолданушылары Бүркіттің "ақталған" жазбасына тоқтаусыз пікір білдіруде. Оқырмандардың басым көпшілігі өнер иесінің ұйымдастырып жүрген лотереяның дұрыс емес екенін жазған. "Халықты ойлап жатқан ешкім жоқ", "Бүркіт, сені құрметтеймін. Бірак, лотерея ойналып, 10000 теңгеге бір әнжинақ сатып, халыққа қайырымдылық жасай алмайсың. Ол қайырымдылық емес, ол - таза бизнес. Сіздерге қарап қазір бәрі лотерея ойнатып кетті. Оның халыкка пайдасы болуы мумкин емес", "Қарапайым халықтан ақша жинап, халыққа көмектесем деген дұрыс емес. Мысалы, мен бар ақшамды сіздің билетіңізге жұмсадым. Бірақ ұтпадым. Мұқтаж жаннан алып, оны басқа біреуге беріп тұрсыз, соны түсініңіз", "Халық үшін дейсіңдер, бірақ бәрі өздеріңнің пайдаларың үшін", "Байлар халықты пайдаланады. Солар арқылы табыс тауып отырғанын ұмытып кетеді", "Әншілер әндеріңізді айтып, соған қанағыт қылып жүріңіздер. Көп асаймын деп... Лотереяның әкеліп, халықты ашындырған өздеріңіз. Бұл - харам, сіздерге лайық емес. Менің туыстарым да біраз ақшасынан қағылды. Әрине, оған өздері кінәлі. Бірақ құмарлық деген нәрсе бар. халықты ашындырмай, осы жерден тоқтаңыздар", деп жазған оқырмандар.
Сілтеме