Сумо бала: 3 жастағы баланың салмағы 52 келіге жеткен
Сумо бала: 3 жастағы баланың салмағы 52 келіге жеткен

Менің салмағым 58 келі. Баламдікі 52 келі. Көтеріп жүру қиын. Бірақ амал жоқ, балам болған соң көнемін. Өзі көп жүрмейді. Шаршап қалады. Дем жетіспей қалады. Жүрегін май баса бастаған. Басқа балаларға ілесе алмайды. Тез шаршайды. Баламның денсаулығына уайымдаймын. Емделіп кетсе екен деймін", - деп жылады әкесі.Бұл ретте сарапшы мамандар ата-ананың баланың айтқанын істеп үйренгенін айтады. Бұл баланың ерке болуына, семіздікке шалдығуына әкеп соғады деп ескертті. Ал эндокринолог маман Нұрәлидің семіздіктің үшінші, соңғы дәрежесінде екенін айтты. Алматы теміржол ауруханасы Нұрәлиден тиісті анализдер алып, барлық дәрігердің қабылдауына тегін қабылдауға даяр екенін айтты. Алдағы уақытта Нұрәли осы мамандардың бақылауында болады.