Кейуана немерелерімен далада аш жүр
Кейуана немерелерімен далада аш жүр

Тамара ДӘРІБАЕВА Балалардың әкесі қайтыс болғаннан кейін, балалардың анасы осы жаққа жұмыс іздеп келді. Сөйтіп квартира жалдап жүрдік. Мен өзім 10 жыл бұрын үйімнен айырылдым. Мошенницаға".Балалардың анасы әр жерде жалданып жұмыс істейді. Ыдыс-аяқ жуып, еден тазартады. Азын-аулақ қаражатқа балапандарына тамақ әкеп береді. Осылайша, бар тапқан-таянғаны ішіп-жемнен артылмайды. Қазір үлкен немересінің жасы 9-да, ол 3-сыныпта оқиды. Ал ортаншысы 7-де, ең кенжесі 1 жастан асыпты. Бұл отбасының тұрақты мекен-жайы да, тіркеуі де жоқ. Салдарынан тиісті жәрдемақы да ала алмай отыр. Ал 7 жастағы ұлы мектеп табалдырығын әлі аттамаған. Бұл күйбең тірліктен әбден қажып, қатты қиналған соң, еріксіз көпшіліктен көмек сұрауға мәжбүр.
Тамара ДӘРІБАЕВА Ешкімнен ешнәрсе сұрап, ешкімге барып жағдайымды айтқан жоқпын. Енді қиналып кеттік балалармен. Халықтан көмек сұраймын. Ұялдым. Ұялсам да, амалым жоқ, сұрап отырмын".Мүмкін, әкімдіктен қандай да бір көмек болар деген үмітпен хабарластық. Ақжағалылар үнсіз қалмады. Шенеунік бірден атқа қонды да, үйшікке жетіп келді. Ол зейнеткермен тілдесіп, барынша көмектесуге уәде берді.
Ержан КҮМІСҚАЛИЕВ, Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Тиісті мамандар қазір құжаттарын қарап, ішке алып келеміз. Құжаттарын түгел қараймыз. Сосын мына балалардың мектебі бар. Керек болса, садигі бар. Басқа жағдайында. Сосын бізде Мұнайлыда жатақхана бар. Жатақханаға баратын болса, ол тез шешілетін мәселе. Ал енді басқа елді мекенге баратын болса, ол мәселені де қарастырамыз. Жалпы бізден толықтай көмек болады".Әкімдіктегілер уәдесінде тұрса, бұл отбасы көп кешікпей жатақханаға қоныс аударуы мүмкін. Ал "мұның өзі үлкен көмек, сәл де болса, бар қиындықтар артта қалар еді" - дейді үш баланың әжесі. https://youtu.be/FFHL9I-qn3w