Өзбекстанда жол апатынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды

05 Тамыз, 2019 122 0

Өзбекстан Республикасының Науаи облысында болған ірі жол-көлік апаты салдарынан Қазақстанның үш азаматы көз жұмды. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«2019 жылдың 3 тамызында Науаи облысы Нұратин ауданындағы «Нұрата-Жизақ-Фариш» автожолының 136-шақырымында «Нексия» автокөлігі жолдың қарама-қарсы бетіне шығып кетіп, «Исузу» жүк көлігімен бетпе-бет соқтығысқан. Жеңіл автокөлікте жүргізушімен бірге 7 адам отырған. Оның екеуі бала», - делінген ҚР СІМ хабарламасында. 

Соқтығыс салдарынан оқиға орнында Қазақстан Республикасының 3 азаматының (1952, 2013 және 2016 жылы туған) көз жұмғаны хабарланып отыр. 

«ҚР-дың тағы үш азаматы айтарлықтай жарақат алып, Нұратин ауданының Медициналық мекемесінің жансақтау бөліміне жеткізілді. Бүгінгі таңда олардың бәрі есін біліп жатыр. Бірақ, жағдайлары ауыр», - деді ведомстводан. 

Қазақстандық дипломаттар зардап шеккен азаматтар мен олардың туған-туыстарына барынша көмек көрсетуде. 

«Көз жұмған және зардап шеккен ҚР азаматтарының бәрі де Өзбекстаннан көшіп келген азаматтар. Бәрі бір-біріне туыс. Осыған байланысты, туған-туыстары ажал құшқандарды Өзбекстан аумағына жерлеу туралы шешім қабылдап отыр», - деп хабарлады ҚР СІМ-нен.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Тегтер: Өзбекстан, жол-көлікапаты, Қазақстан

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.