Жұлдыздар халықты алдап жүргендерін өздері біле ме екен?

Әлеуметтік желінің қызығына кіріп, өмірінің баспалдақтарын сол смартфон ішінде жасап жатқан халықтың қазіргі ермегі – лоторея (ұтыс ойындары).
Инстаграм секілді тікелей эфир ұйымдастыруға болатын платформасы бар әлеуметтік желілерде алғашқы кезде арнайы парақшалар ашылды. Арнайы дегеніміз аты ғана болмаса, ол парақшалардың бірі де мемлекетке салық төлемейтін, заңның ешбір бабына сәйкес жұмыс істемейтін орындар еді. Тек халықтың ақшасын қағып алу үшін түрлі ұтыс ойындар ұйымдастырады. Уақыт өте келе бұл парақшалардың белсенділігі жоғалып, халықтың сенімінен айырылды. Не істеу керек? Халық сүйіп тыңдайтын әншілер, сөйлесе сөздің майын тамызып жіберетін шешендер, блогерден бастап жаппай жұрт назарынан тыс қалдырмайтын тұлғалар дәл осы ұтыс ойнатып жүргендердің көзіне түсті. Ақысыз ақыл ешкім айтпайтыны белгілі ғой. Жұлдыз біткенге ұтыстың белгілі бір қомақты сомасын ұсынады. Ал оның міндеті тек халық көзіне көрініп, көздерін ақша, көлік, үймен қызықтыру. Теледидардан түспейтін әншілердің дені қазір жаппай ұтыс ойындарын енді өздері де ұйымдастыра бастады. Қарап тұрсаң, жеңіл ақша, жан қинамайтын кәсіп секілді. Алайда сол ұтысқа қатысып жатқан халық өзі жақсы көретін жұлдызға сенеді. Ақыры алданғанын білген кезде шыр-пыр болып далада қалады. Мұндай жағдай бір емес, бірнеше рет қайталанды. Жұлдыздар «тек жарнамасына түсіп бердік, ұйымдастырушыға хабарлас» деп құтылады. Ал ұйымдастырушы бет сипатып кеткелі қашан... Әрине бұл жерде ақша 2 000 теңгенің айналасында болуы мүмкін, бірақ сол екі мың теңгенің өзі халықтың қазір бір күнде ішетін асына жетпей отырған жоқ па?! Жұлдыздар осыны көріп отыр, біліп отыр. Ендеше бұл қандай батпан құйрық? Халық арасында бәріне саналы түрде баратындардан бұрын, тек жұлдыздардың жарнамасына сеніп қалатындары көп. Тіпті бұл қатарда сүйікті әншілер де бар. Ал блогерлер мен вайнерлерді айтпай-ақ қойдық, олардың санына есеп жоқ. Елімізде жалпы билет сатып, лоторея ойнатуға заңды түрде келісім алған жалғыз-ақ компания бар. Бұл ұлттық оператор – Сәтті жұлдыз. Логикалық түрде қарайық, ойнатып жатқан көліктің бағасы 15 000 000 теңге тұрады. Билет құны шамамен 4 000 теңгеден. Жалпы 10 мың билет ойнатылып жатыр. Касса толық жиналатын болса 40 000 000 теңге жиналады. Көлікті сатып алып, оны ұтқан адамға берген күннің өзінде ар жағында халықтың есебінен көретін 25 000 000 теңге қалады. Бұл заңсыз екені бесенеден белгілі. Тек сұрақ көлік шынымен ұтып алған адамға беріле ме жоқ па? Барлық қатысушы жүлдесіз қалмайды деген ше? Айналып келген кезде мұның бәрі көңілі баладай халықтың ақшасын қағып алу және заңсыз әрекетке ашық түрде бару. Жығылғанға жұдырық деген осы болар, елде карантин кезінде де төтенше жағдай режимін сақтамай, өзім білемге салып ұтыс ойнатып жатқан жұлдыздар мен блогерлер жетіп жатыр. Ұсталған күннің өзінде жазаның үкімі оңай. Кешірім сұрап құтылады. Кешіріммен кеткен ақша, сенім, үміт қайтып келе ме..?