Грузияда 26 жастағы қазақстандық белгісіз жағдайда көз жұмды
Грузияда 26 жастағы қазақстандық белгісіз жағдайда көз жұмды

Айна Айтпаева, марқұмның сіңлісі Басында ешқандай күмән мен күдік болмады. Өйткені шақырған адам туысқанымыз. Екіншіден, ол жақтағылар орыс тілін жетік білетін маманның болмауына байланысты жұмысы жүрмей жатқанын айтты. Ал қазақстандық азаматтар Грузияға көлік сатып алу үшін жиі барады екен. «Грузияда орыс тілінде сөйлейтін адамдар аз, сатылым бойынша кеңес беретін консультант қыз керек» деді. Асығыс шешім қабылдағанамыз да сондықтан. Тбилисиден 20 шақырым қашықтықта жатқан жерге барған. Аудиожазбада грузиялық азамат қызды қалай қорқытып, ұрғаны туралы айтқан. Менің түсінуімше, әпкем қорлыққа шыдамаған сияқты. Нақты білмедім. Мүмкін ол грузиялық азамат көмектескен болар. Кімнің кімге сес көрсеткенін дөп басып айта алмаймын.