Алматыда екі дос жігіт жеңіл жүрісті қыздарды тонаған
Алматыда екі дос жігіт жеңіл жүрісті қыздарды тонаған

Күдіктілер қыздарды ұрып-соғып, қорқытып, ақша, телефон, зергерлік бұйымдарды алып кеткен. Мүмкін, қаскөйлер қыздар полицияға арыз жазудан қорқады деп ойлаған шығар. Жедел қызметкерлер бірнеше күннің ішінде күдіктілерді анықтап, оларды ұстады. Екі ер адам – синтетикалық есірткінің тұрақты қолданушылары болып шықты. Қазіргі уақытта күдіктілерде қала ішінде жасалған бес қылмыстық эпизод бар. Ұсталғандардың екеуі де УҰИ-на орналастырылды. Жәбірленушілер көбірек болуы мүмкін, сондықтан осы адамдардың қылмыстық іс-әрекеттерінен зардап шеккен азаматтарды келесі телефондарға хабарласуларыңызды сұраймыз: 254-47-01; 254-47-02 және 254-47-03, – деді Бостандық аудандық Полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.