Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді
Президент Жарлығымен бірқатар әскери қызметшілерге әскери шендер берілді
Ақорданың ресми сайты Мемлекет басшыы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен әскери атақ алған қызметшілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер және біліктілік сыныбын беру туралы ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: генерал-лейтенант әскери атағы: Құсайынов Марат Рақымұлына, Шпекбаев Руслан Нұртөлеуұлына; генерал-майор әскери атағы: Аймұрзин Айдар Асфандиярұлына, Ақбалин Рүстем Нұрсұлтанұлына, Алдияров Нұрлан Қапанұлына, Ахмадиев Алмаз Шұғайұлына, Борамбаев Серік Жақсығалиұлына, Күшікбаев Мереке Мәтімұлына, Үштаев Қуанышбек Өскенбайұлына; ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры арнаулы атағы: Дуанбаев Айбар Аманбекұлына, Қоңқашев Шыңғыс Рахатұлына, Сейсембаев Руслан Темірғалиұлына; полиция генерал-майоры арнаулы атағы: Баймұқашев Мұрат Қалибекұлына, Бекиев Оңал Ботайұлына, Дәрменов Ақынқали Дәуітбайұлына, Заппаров Арыстанғани Расылханұлына, Мәсімов Нұрлан Мырзаханұлына, Төлебаев Марат Сағынтайұлына; әділет генерал-майоры арнаулы атағы: Ешмағамбетов Жанат Болатұлына; 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені: Әбдіханов Қайрат Әлиханұлына, Бақашбаев Жарқынбек Кендірбекұлына, Қожабаев Мақсат Аманқұлұлына, Шалабаев Серік Рысқалиұлына; 3-санатты жоғары біліктілік сыныбы: Шабдар Нұрлан Аманкелдіұлына берілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 6 мамыр № 569