42 жастағы алматылық вакцинаның ІІ компонентін алған соң қайтыс болған
42 жастағы алматылық вакцинаның ІІ компонентін алған соң қайтыс болған

«21 күннен кейін вакцинаның екінші компонентін алған. Дәрігердің қарауы кезінде жағдайы қанағаттандырарлық болған, екпе процедурасынан кейін 30 минут бақылауда болып, Б.Нұртазин үйіне кеткен. Жағдайы үйінде нашарлаған. Жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болған», - делінген басқарманың хабарламасында.Алдын ала болжамға сәйкес, марқұм жедел жүрек-қантамыр жетіспеушілігінен қайтыс болған. Қазір өлім себептерін анықтау үшін тергеу жүргізіліп жатыр, сот-медициналық сараптама басталды.
«Нәтижелер қосымша хабарланатын болады, нақты диагноз гистологиялық зерттеуден кейін белгілі болады», - деді басқармадағылар.