Қазақстандық аграршылар ең заманауи ауыл шаруашылығы техникасына қол жеткізе алады
Қазақстандық аграршылар ең заманауи ауыл шаруашылығы техникасына қол жеткізе алады

FENDT және VALTRA ауыл шаруашылық техникасы өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығында, астық өңдеу мен фермаларды жабдықтауда барлық негізгі технологиялық процестердің орындалуын қамтамасыз етуге қабілетті. AGCO тек техника мен жабдықты ғана емес, агроөнеркәсіп кешеніндегі кәсіпқойларға арналған жоғары технологиялық шешімдерді де жасап, іске асырады. Біз өз тарапымыздан жоғары сапалы қызмет көрсетуді, ыңғайлы қаржыландыру бағдарламаларын және бәсекелі бағаны қамтамасыз етуге ниеттіміз, - деп атап өтті Orbis Agro Machinery бас директоры Игорь Вдовин.Қазірдің өзінде ауыл шаруашылығы техникасын Алматы мен Көкшетаудан сатып алуға болады, онда FENDT және VALTRA фирмалық дилерлік орталықтары ашылды, олар сәйкесінше оңтүстік және солтүстік өңірлерді қамтиды. Егер Көкшетау қаласында кеңсенің ашылуы өңірдің бай аграрлық дәстүрлерімен байланысты болса, онда топырақтың тығыздығын және ауа-райының ерекшелігін, сондай-ақ үлкен алаңдарды ескере отырып, қуаттылығы жоғары ауыл шаруашылығы техникасы сұранысқа ие болса, онда Алматы қаласын таңдау мегаполистің жоғары іскерлік белсенділігімен байланысты. Orbis Kazakhstan компаниясы алдағы екі жылда Қазақстанның барлық өңірлерінде ауыл шаруашылығы техникасын сатудың өсетініне сенімді, өйткені дистрибьютор ҚР-ның барлық қалаларында кең дилерлік желіге ие, ол жерде клиентті кешенді қолдаудан басқа америкалық корпорацияның жоғары стандарттарын қолдайтын сервистік орталықтар орналасқан. Мысалы, Қазақстанда қазірдің өзінде компания Германия мен Финляндияда өндірілетін қуаттылығы 154 а.к. асатын тракторларды, сондай-ақ Италиядағы AGCO зауытында өндірілген қуаттылығы 350 а. к. асатын комбайндарды сататыны белгілі. ҚР-да жергілікті аграршылар үшін қолжетімді бағаға дистрибьюторға берілген жеңілдік есебінен қол жеткізілетін болады. Бұдан басқа, Orbis Kazakhstan Компаниялар Тобының қаржыландыру бағдарламаларының арқасында техниканы лизингке/кредитке/бөліп төлеу арқылы сатып алу қарастырылуы мүмкін. Айта кетейік, Orbis Kazakhstan FENDT және VALTRA техникасын Қазақстанның барлық аумағында іске асыруға айрықша құқыққа ие болады, бұл өз кезегінде американдық концерннің іскерлік тәжірибесін қабылдауды білдіреді. Orbis Finance арқылы «Қаржы лизингі» құралын іске қосу жоспарлануда, қазіргі уақытта әлеуетті клиенттер үшін ыңғайлы өтеу нұсқалары қарастырылуда. Сондай-ақ, ресми дистрибьютор AGCO корпорациясының стандарттарына негізделген FENDT және VALTRA техникасына кепілдік, қызмет көрсету және қолдау көрсетуді көздейді. Қосымша ақпарат алу үшін мына телефондарға хабарласыңыз: +7 705 201 5454 және +7 701 803 4598.