Жаңалықтар

Сарыағашта сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім сабақ беріп келген

  [caption id="attachment_150499" align="alignleft" width="696"] width= фото: otyrar.kz[/caption] Сарыағаштық мектептердің бірінде орыс тілі пәнін өзі ежелеп оқитын мұғалім балаларға сабақ беріп келген.Ынтымақ ауылындағы Садриддин Айни атындағы №1 мектепте жұмыс істейтін мұғалім тестілеу барысында шекті балға әрең қол жеткізген, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі  Otyrar.kz.-ке сілтеме жасап. Бұл ешқандай да фейк емес. Бұл Сарыагаш ауданы, Ынтымақ ауылындағы Садриддин Айни атындағы №1 мектептегі кәдімгі орыс тілінің сабағы. Сөйлемді әрең оқып отырған адамның балаларға қалай сабақ беріп жүргенін анықтау үшін біз Сарыағаш ауданына жол тарттық. Мектепте оқу процесі қарқынды жүріп жатыр екен. Бірақ жұмыс уақтысында директор орнында болмай шықты. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарының айтуынша, ол отбасындағы жағдаймен байланысты шығып кетіпті. Ал сөйлемді ежелеп оқып отырған орыс тілі пәнінің мұғалімі 1 наурызға дейін балаларды оқытып келген, бүгінде декреттік демалыста. Оның кәсіби біліктілігінің сәйкес келмейтіндігі үшін жұмыстан неліктен шығарылмағаны сол күйі жұмбақ. Бізге мектепте – кадр мәселесімен директорға немесе аудандық білім бөліміне жүгіну жөнінде кеңес берді. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау немесе шығару жөніндегі шешім тек сонда қабылданады. «Мұғалім директордың қызы ма?»,- деген сауалымызға директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары «Ия»,-деп жауап қатты. Алайда аудандық білім бөліміндегілер мектептегі педагогтарға қатысты барлық жауапкершілік директорға жүктелгенін айтты. Мұғалімді жұмысқа алу не алмау жөнінде шешімді директордың өзі ғана қабылдайды екен.

 width=Закир Тұрсынбаев, Сарыағаш аудандық адами әлеуетін дамыту бөлімінің  бас маманы Егер де мектепте бос жұмыс орны болса, ол жөнінде хабарлама порталда жариялануы тиіс. Тек осыдан кейін ниет білдіргендер арыз жазып, тестілеуден өтуіне болады. Ал сынақтан өтпесе, келесі жолы келіп тапсыруға мүмкіндік бар. Сынақтан өткен талап берушімен сұхбат жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша арнайы комиссия мүшелері мұғалімді жұмысқа алу, не алмау жөнінде шешім қабылдайды. Бұл комиссия төрағасы – мектеп директоры, ал комиссия мүшелерінің қатарында қоғам белсенділері, ата-аналар комитетінің өкілдері және БАҚ мамандары бар».
 width=

Белгілі болғаны, бұл сынақты біліктілігі күмән тудырған мұғалім әрең дегенде тапсырып, шекті 50 баллды жинаған екен. Бірақ бұл тұста ол балды қалай жинағанына қатысты да сауал жеткілікті. Жауаптылар «мұғалімнің орыс тілі және әдебиет пәні мамандығы бойынша жоғары білімі жайлы дипломы бар» деп бізді сендірді. Ал тиісті құжатты жұмыс күнінің соңына дейін көрсетеміз деді. Ең қызығы, мұғалімнің сабағына аудандық білім бөлімінің мамандары қатысып, деңгейі тексерілген де екен. Мұғалімнің біліктілігін тексергендер мен бұл оқиғаға қатысты мектептегі жауаптылар туралы мәлімет Түркістан облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасына жолданды.