Қыдырәлі Болманов: Некеден тыс балам жоқ!

Қыдырәлі Болманов: Некеден тыс балам жоқ!

Жалпы менің жасаған жобаларымның барлығы да сәтті деп айтар едім. Өйткені менде домбыраны стадионға алып шықсам деген ұлы арман болды. Мен оған «Ұлытау» тобы арқылы жеттім. Продюсерлік еткен көп жұлдыздарымның ішінде Нұржан Қалжан мен «Гүлдер» ансамблімен ойдағыдай жұмыс жасалмады» - деді Қыдырәлі Болманов.Елде тарап кеткен «Қыдырәлі Болмановтың бірінші жарынан бала-шағасы бар» деген әңгіменің де нүктесін қойды.
Менің Алла алдында некелеп алған алғашқы жарым – Қарақат. Әрине, жас кезімде, әсіресе танымал бола бастаған шақта, маған құда түскен қыздар көп болды. Тіпті қыздардың ата-аналары арнайы келіп өтініш білдіретін. Менің қызымды ал деп. Балалықпен жатақханада бірге тұрған қызды жарым деп айта алмаймын. Мен оған үйленген жоқпын. Жатақханада кешке қарай менің бөлмеме қыздар көп келетін еді. Сондай қыздардың бірі өзіне үйретіп алды. Өзіне баурап алды да, біз біраз бірге тұрған жайымыз бар. Менде ол қызға деген махаббат болған жоқ!» - деген кәсіпкер өзінің алғашқы да соңғы жары Қарақат екенін баса айтты.https://youtu.be/k17KG9626wE