Алматы облысында перзентхана маңынан табылған адам сүйектері тұрғындарды шошытты
Алматы облысында перзентхана маңынан табылған адам сүйектері тұрғындарды шошытты

«Сүйектер Есік қаласының жанында орналасқан Бөлек ауылдық округінен табылды. Бұл жер «Ромашка» деп аталатын саяжай. Ол сүйектер ашық-шашық шашылып жатқан жоқ. Жерді қазу барысында шыққан. Дәл осы жерде су құбырын жүргізу жұмысы жүргізіліп жатыр. Сүйекті тапқан да - сол мекеменің жұмысшылары. Қазір «Алтын адам» мұражайының археологтары оқиға орнына келді. Сүйектерді жинап, сараптамаға жібереді» деп мәлім етті аталған ведомствоның баспасөз қызметі.