Ирактың денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті
NewsRoom
Ирактың денсаулық сақтау министрі отставкаға кетті
Ирактың денсаулық сақтау министрі Хасан ат-Тамими Бағдад қаласындағы ауруханада болған өрттен кейін отставкаға кетті.
Оның қызметінен кету туралы өтінішін ел премьер-мнистрі қабылдады. Естеріңізге салайық, ауруханадағы өрт сәуірдің 24-і болды. Алдын ала болжам бойынша өртке оттегі баллонының жарылуы себеп болған. Қызыл жалын көзді ашып-жұмғанша ғимараттың екі қабатын да шарпыған. Қайғылы оқиғадан 80 науқас көз жұмды. Құтқарушылар тағы 200 адамды өлім аузынан аман алып қалды. Тергеу барысында аурухананың өртке қарсы жүйемен жабдықталмағаны белгілі болды. Оған қоса ғимараттың ішкі қабаты тез тұтанатын материалмен қапталған екен. Оқиғадан кейін аурухананың бас дәрігері мен қауіпсіздік қызметінің басшысы қамауға алынды.