«Мен прокурормын!»: Полиция мас «прокурорды» іздеп жатыр

01 Тамыз, 2019 373 0

Алматы прокуратурасы ішімдік ішіп алып дәмханада шу шығарған «прокурорға» қатысты түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бұл видео әлеуметтік желіде бүгін тараған болатын. 

Voyage дәмханасында отырған ер адам даяшыларға дөрекілік көрсетіп, шу шығарған. 

Қызметкерлердіңң айтуынша, ол мас болған. «Мен прокурормын!», - деп айғайлап, былапыт сөйлеген. Қалалық прокуратура видеодағы адамның прокуратура қызметкері екенін жоққа шығарды. 

Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті оның кім екенін анықтап жатыр.


Тегтер: Алматы, прокуратура, ішімдік, дәмхана, шу

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.