Атырауда 2000-нан астам адамға ақшалай сертификаттар және азық-түлік табысталды
Атырауда 2000-нан астам адамға ақшалай сертификаттар және азық-түлік табысталды

Қызымның бес баласы бар. Олардың бірі сәби күнінен сал ауруына шалдыққан. Бес баланы бағып-қағудың өзі оңай емес. Оның үстіне ерекше қамқорлықты қажет ететін сәбидің күтімі мүлдем қиын. Сондықтан, ерекше қамқорлықты қажет ететін Саида жиенімді өз жауапкершілігіме алдым. Әркез еміне алып барамын. Жиенімізді емдету мақсатымен Қазақстанның барлық үздік клиникаларында болдық. Оның емі үшін үнемі көмек көрсетіп келе жатқан әкімдік өкілдері мен қала тұрғындарына алғыс айтамын. Мереке алдында ерекше балаларға тағы да қамқорлық жасалуда. Ризашылығымыз шексіз, – дейді Мнупар Жамбылова.