Нұр-Сұлтанда карантин қашан аяқталады?
Нұр-Сұлтанда карантин қашан аяқталады?

Вакцинация — бұл алдын-алудың басты шарасы. Сол себепті оны қолданудың пайдасы ықтимал қауіптерден едәуір асып түседі. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев өз сөзінде КВИ-мен күрестегі жалғыз сенімді шешім вакцинация екенін айтты. Бұл локдаундардан шығу стратегиясын алдын-ала ойластырған елдердің мысалымен дәлелденді. Қазір олардың экономикалары мен азаматтардың күнделікті өмірі пандемиялық қиындықтарды сезінбейді. Қазіргі уақытта халықты вакцинациялау коронавирустық инфекциямен күрестегі маңызды кезең болып саналады. Ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін біз 650 мыңнан астам адамды немесе қала халқының 60%-ын вакцинациялауымыз керек», — деп атап өтті әкім орынбасары.Ол бүгінде елордада 100 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 16 мыңнан астамы вакцинаның екі компонентін алғанын еске салды. Сонымен қатар, Бақтияр Мәкен медицина қызметкерлерінің коронавируспен күресте өз денсаулығын қатерге тігіп, науқастарды емдеп шығару жолында атқарып жатқан еңбегін айрықша атап өтті.
Бүгінде елордалық дәрігерлер мен медицинаның өзге де қызметкерлері екі есе жүктемемен жұмыс істеп жатыр. Коронавируспен күреске төрт мыңнан астам медицина қызметкері жұмылдырылды. Дәрігерлер мен қаланың барлық медициналық қызметкері бір жылдан астам уақыт дамылсыз жұмыс істеп келеді. Ақхалатты мамандардың еңбегін бағалап, кеңестері мен ұсыныстарына құлақ асуымыз керек. Біздің алдымызда ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың жалпы міндеті тұр. Азаматтық қоғам елордамызда болып жатқан әлеуметтік, қоғамдық мәселелерде шет қалмауы тиіс. Қазір азаматтық қоғамның вакцинация мәселелеріндегі белсенділігі маңызды. Өздеріңіз білетіндей, бастапқыда жұрт вакцинацияға аса сақтықпен қараған болатын. Бірақ вакцинадан бас тарту денсаулыққа қауіпті екенін түсінгеннен кейін вакцинацияланғандардың қатары тола бастады», — деп түйіндеді Б.Мәкен.Ол кездесуге қатысушыларды КВИ-ге қарсы вакцинацияның маңыздылығы туралы азаматтарды түсіндіру және ақпараттандыру жұмысында белсенділік танытуға, қалыпты өмірге оралу үшін, сол сияқты бір жылдан астам уақыт отбасыларынан жырақта, демалыссыз келе жатқан медицина қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетіп, қаланың денсаулық сақтау жүйесін жеңілдетуге шақырды.