Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар бала өлі күйінде табылды
Қызылордада жоғалып кеткен 6 жасар бала өлі күйінде табылды

Бүгін, 29 сәуір күні жергілікті уақыт сағат 11:00 шамасында жеке тұрғын үйдің кәріз құдығынан жоғалған баланың денесі табылды. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Баланың денесінде көзге көрінетін зорлық-зомбылық белгілері байқалмайды. Орын алған оқиға бойынша тергеу басталды. Тергеу әрекеттері менің жеке бақылауымда. Кішкентай Альтаирдың ата-анасы мен туыстарының ауыр қайғыларына ортақтасып, шын жүректен көңіл айтамын, – деді Қызылорда облысы Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан.