Атырауда 4 айлық баласын өлтірген анаға қатысты мән-жай анықталды
Атырауда 4 айлық баласын өлтірген анаға қатысты мән-жай анықталды

«Негізі Атыраудың тұрғыны, осы жаққа келін болып түсіп, мында пропискаға отырды. Жұмыссыз, үйде отырған кісі. Басқа балалары жоқ, осы тек бірінші баласы. Кішкентайын бізге есепке тіркетпеген екен. Прививканы бізден алмаған. Атыраудан алған. Бізге ешқандай медициналық көмек бойынша жүгінбеген», - дейді Көптоғай ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушы Гүлбаршын Баженова.Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет 42 жастағы әйелдің уақытша ұстау изоляторына қамалғанын айтты.
«Көптоғай ауылындағы 4 айлық нәрестенің өліміне қатысты қазір Қылмыстық кодекстің 99-бабы 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы іске күдікті 1979 жылғы туған анасы уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Мейірім Ердәулет.Бұл - өңірдегі бірінші жағдай емес. Дәл осыған ұқсас оқиға бірнеше ай бұрын Сағыз ауылында да болған. 35 жастағы келіншек үйінде босанып, жаңа туған баласын қоқысқа лақтыра салған еді. Шақалақтың өлі денесін полицейлер 100 метр жерден тапқан болатын.