ШҚО-да бюджеттің 110 миллион теңгеден астам қаржысына төселген жол ойылып қалған
ШҚО-да бюджеттің 110 миллион теңгеден астам қаржысына төселген жол ойылып қалған

Алғабасқа кетіп бара жатқан жол. Осы күзде ғана "ремонт" жасаған, көріңіздер. Қаншама ақша бөлінген... Жолдың бәрі ойнап кеткен ғой, Құдай сақтасын, жөнделген жолдар осындай болса",-дейді видео авторы.Белгілі болғандай Күршім-Алғабас учаскесін жөндеу жұмыстарына былтыр бюджеттен 110 млн теңге бөлінген. Ал жөндеу жұмыстарын "Марқакөл жолдары" ЖШС жасаған. Басылым журналистері аталған видеоға қатысты түсініктеме алу үшін, Күршім ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хабарласқан. Алайда жауапты бөлім өкілдерінен мардымды жауап ала алмаған. Олар тіпті тілшінің қоңырау шалғанын ұнатпаған екен. Десе де басылым тілшілері көптің шағымымен аталған учаскеде сараптама жүргізіліп жатқандығын анықтап білген.
Жаңа төселген асфальт жарты жылда көріп отырғандай, ал 5 жылда не болады? Жаңа құрылыстың кепілі бар шығар, жөндейді деп үміттеніміз",-дейді аудан тұрғындары.