Бұл жай жол ережесін бұзу емес: Алматыда жүргізуші қарсы жолаққа шыққан (видео)
Бұл жай жол ережесін бұзу емес: Алматыда жүргізуші қарсы жолаққа шыққан (видео)

Құқық бұзушының жолаушысы түсірген кадрларда барлығы анық көрсетілген. Әрине, жолда мұндай іс-әрекетке жол берілмейді. Бұл жай жол ережесін бұзу емес, бұл азаматтық сананың жетіспеуі және жетілмеген ой. Қарбалас көше бойымен қарсы жолаққа шығумен қатар, белгілі болғандай, бұл қаскөй бағдаршамның тыйым салынған дабылына өтіп кеткен, сақтандыру полисі жоқ, автокөліктің әйнектері қараңғыланған, апаттық жағдай туғызып, тіркеуден шешілген көлік құралын басқарған. Сонымен қатар, жүргізушінің әрекеті ұсақ бұзақылық ретінде қарастырылады. Алматы қаласының МАӘС шешімімен құқық бұзушы бес тәулікке әкімшілік қамауға алынды. Айыппұлдың жалпы сомасы 155 мың теңгені құрайтын 11 әкімшілік хаттама шығарылды, – деді Алматы қалалық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.https://youtu.be/TG4Bfcjhdz4