«Қызылорда аруы» атанған Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланды
NewsRoom
«Қызылорда аруы» атанған Гүлнұр Нұртазаға іздеу жарияланды
"Қазақстан аруы – 2019" және "Қызылорда аруы – 2017" сұлулық байқауының финалисті Гүлнұр Нұртазаға Алматыда іздеу жарияланды. Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Instagram-да kazakh_inform, kris.p.almaty.official пабликтерінде Гүлнұр Нұртазаны іздестіру туралы ақпарат жарияланды.
Жоғалған күн: 2021 жылғы 26 сәуір.
Белгілері: бойы 183 см, арық денелі, шашы ұзын, көзі қоңыр..
Киім: сұр жемпір және қызғылт түсті рюкзагі болған.
Соңғы рет оны Барахолка ауданында көрген.
Алматы қаласы полиция басқармасының 8 727 254 48 02 нөміріне хабарласуға болады", – делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетсек қыз қиын өмірлік жағдайға тап болған. Гүлнұр Нұртаза ата-анасынан айырылып өзін-өзі қамтамасыз етуге мәжбүр болған. Екі жыл бұрын әкесінен, екі ай бұрын анасынан айрылған. Қыздың жұмысқа орналасуда проблемалар туындаған, себебі жұмыс берушілер Гүлнұрға интим ұсынған.