Жазира Байырбекова ауруханаға түсіп қалғанын айтты
Жазира Байырбекова ауруханаға түсіп қалғанын айтты
Әнші Жазира Байырбекова сырқаттанып қалып, жедел жәрдем ауруханаға алып кеткен. Бұл туралы эстрада жұлдызы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі.
Байырбекова өзінің сырқаттанып қалуына байланысты орын алған қызықты жағдаймен де бөлісті. Белгілі болғандай, әншінің қарындасы оны ауырып қалатынын алдын ала көріп, оған ескерткен. "Туған сіңілім Аққал Байырбек 3-4 күн бұрын хабарласып “әже сізге денсаулығын күтсін. Ауруы жанына батып тұрса да жұмыс істеп жүре бермесін” деді - деп хабарласты. Аққалдың айтқаны жедел жәрдеммен ауруханаға барғанда есіме түсті. Аққалдың түсіне үнемі бір әже кіріп алдынала көп нәрселер ескертіп тұрады.Біз тыңдамағанымызбен кейін әженің айтқаны дұрыс екеніне көзіміз жетіп жатады." , - деп жазды Жазира Байырбекова.Жазира Байырбекова өз кезегінде бүгінде жағдайы жақсарып қалғанын жазды.