Түркістандық тұрғын жалғызбасты анаға пәтер сыйлаған
Түркістандық тұрғын жалғызбасты анаға пәтер сыйлаған

Тағдырдың тауқыметін тартқан ана жомарттық танытқан азаматқа шексіз алғысын білдірді. Ол Жетісай қаласындағы орталық базарда аула сыпырып, қыздарын асырап жүр. Тапқаны пәтерақы мен азық-түліктен артылмайды. Келіншек күндіз-түні уайымға салынып келгенін жасырмайды. Енді күтпеген жерден баспаналы болып, қуанышқа кенелді. «Жаңа үйге қажетті жиһаздары мен азық-түлігіне дейін беріп отыр. Енді бар тапқанымды қыздарымды тарықтырмай өсіруге жұмсаймын. Игі іс жасап отырған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ», – дейді Н.Шадманова.