Түркияда локдаун енгізіледі

Түркияда локдаун енгізіледі

Біз 29 сәуір, бейсенбі сағат 19:00-ден бастап 17 мамыр, дүйсенбі сағат 05:00-ке дейін толық жабыламыз», деді Ердоған.Жаңа эпидемиологиялық іс-шараларға сәйкес тұрғындар рұқсат алғаннан кейін ғана қалааралық қатынастар жасай алады. Ал қалааралық транспорттар 50%-тік жүктемемен жұмыс істейді. Сондай-ақ сауда желілері жексенбі күні жабық болады. Мемлекет басшысы жағдайды қысқа мерзімде бақылауға алу үшін халықты ережелерді қатаң сақтауға шақырды.