Ақтөбеде ауызашарға барған шенеуніктерге айыппұл салынды
Ақтөбенің кәсіпкер, зиялы әйелдері де бірге отырған еді. Ауызашарға қатысқан Сұлупан Шынтасова Ақтөбе облысының бас санитария дәрігері Нұрсұлу Беркімбаева мен денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаевпен бірге Instagram-да сөз сөйлеп, коронавирустың таралу қарқыны бойынша облыс "қызыл" аймаққа кіргенін және шектеу шараларын сақтау маңызды екенін айтқан еді.