Атырауда каналға батып кеткен 9 жасар баланың денесі іздестіріліуде
Атырауда каналға батып кеткен 9 жасар баланың денесі іздестіріліуде

«26 сәуір күні кешкі 20:35 кезінде құтқару қызметіне шұғыл хабар келіп түскен. Сол сәтте оқиға орнына сүңгуірлер тобы жіберілген. Су астынан баланы іздеу жұмысы 1,5 сағатқа созылды. Қараңғы түскен соң қауіпсіздік мақсатында іздеу жұмысы тоқтады», - делінген хабарламада.Дегенмен құтқарушылар баланың денесін қайық және тиісті құрал-сайманның көмегімен іздеп жатыр. Аталған шараларға құтқарушылар, баланың туыстары және волонтерлер жұмылдырылған. Бұл жұмыс тоқтамайды. Таңертең Жылыой ауданына Атыраудан қосымша сүңгуірлер келеді.