18 жетімді бауырына басқан ана келін жұмсап, немере сүйіп отыр

18 жетімді бауырына басқан ана келін жұмсап, немере сүйіп отыр

Тұрмысқа шықпадым. Пенде болғаннан кейін ел қатарлы неге тұрмыс құрмадым деп армандаймын. Бұйрық болған жоқ. Өз кіндігімнен бала жоқ. Ең алғаш 33 жасымда тұңғыш қызым Мөлдірді асырап алдым. Кіндіктен тумасам да, туғанға бергісіз 18 балам бар. 4 балам шала туылған, бірақ ол мен үшін кедергі емес. Әр балам бір кітап, бір әлем. Әр балам алтын асықтай. Балаларым алдымен Алланыкі, одан кейін менікі. Өміріме өкінбеймін. Қазір бала-шағаммен бақыттымын», - дейді ержүрек ана.Балаларын жастайынан еңбекке баулыған Түймегүл Ердешова наубайхана ашпақшы. Осылайша, өз күндерін өздері көретіндей жағдай жасап беруді көздейді.