Қазақтың ұлттық тағамы мен киімін жарнамалаған қара бала
Қазақтың ұлттық тағамы мен киімін жарнамалаған қара бала

Аджибола АКАННИ, ТИКТОКЕР: Мұнда ең алғаш келгенімде қатты суық болды. Екі апталық жаттығудан кейін мен жарақат алып, оның үстіне ауа- райының қолайсыздығынан адаптация жасай алмағандықтан футболдан бас тарттым".Аджибола Нигерияда психология мамандығы бойынша дәріс алған екен. Осында келгеннен кейін ұстаздық жолды жаңғыртып, ағылшын тілінен дәріс беруге кірісіпті. Уақыт өте келе жақын достар да тапқан. Соның бірі әңгіме барысында тик-токқа видео түсіруге кеңес берген. Басында ұялып, қысылған жігіт алғашқы видеоларының бірі миллонға жуық қаралым жинағанда шабыттана түсіпті Өзге ұлттың өкілі қазақтың қыздары мен қазы-қартасы туралы түсірген видеоларына шүйлігіп, жағымсыз пікір қалдыратындардың да көп екенін жеткізді. Алайда, оларға аса қатты мән бермеймін дейді. Әркім өзінің көзқарасымен қарайды деген азамат жағымды пікірлерді көргенде рақметімді айтып ары қарай да түсіре бергім келеді деп отыр.
Аджибола АКАННИ, ТИКТОКЕР: Мен жағымды пікірлерді көрген кезде рақметімді айтып, алғысымды жаудырамын. Ал, жағымсыздар тіпті жекеме шығып жатады. Бірақ мен олардың барлығына аса қатта назар аудармаймын. Әрбір жағымды пікірді естіген сайын құлшынысым арта түседі".Аджибола өзінің тағы бір әлеуметтік желісіне «Найман» деген лақап атпен тіркеліпті. Оның себебін былай деп түсіндірді.
Аджибола АКАННИ, ТИКТОКЕР Отырыста достарымның бірі мені найман деп қалжыңдады. Алғашында түсінбедім. Кейін ел арасында жүрген қағытпа әңгімелерді айтты. Қазақтың қабырғалы руы екенін білгесін осы ат өзіме ұнап қалды"Аджибола отбасында екі ағайынды екен. Нигерияда 200 миллионға жуық адам тұрады деген ол, қонақжайлылық жағынан қазақтардан қалыспайды дейді. Осындағы үш жылдың ішінде Елорда, Шымкент, Атырау, Талдықорған, Таразда болыпты. Алайда, өзіме ең ыстығы әрине Алматы деп ағынан жарылды. «Конечно Алматы. Поэтому я здесь живу». Аджибола бұл күнде азақ тілін үйреніп жүргенін айтады. Қазірдің өзінде көптеген сөздерді білем деген ол, халық арасындағы көп айтылатын сөздерді бірінші жаттап алғанын жеткізді.
Аджиболла АКАННИ, ТИКТОКЕР: Мен сабақ бергендіктен шәкірттеріме әрқашан сәлеметсіз бе, жақсы, қалайсың деген сөздерді жиі айтамын. Сонымен қатар өзге де орындарда қолдануға тырысамын. Әзірге курсына барған жоқпын. Құлағыммен естігендерді жаттап аламын».Аджибола қазір Қазақстаннан кеткісі келмейтінін жеткізді. Тіпті, қолайлы болғаны сонша Украинада тұратын досында осында шақырып, қазір екеуі бір үйде тұрып жатыр екен. Мұнда өмір сүру ыңғайлы деген азамат әлеуметтік желіде танымалдығын арттыру үшін өзге де қолданушылармен бірге жұмыс жасауда екен.