Ғани Нығметов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды

30 Шілде, 2019 354 0

Мемлекет басшысының Өкімімен Ғани Сақтағанұлы Нығметов ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz ҚР Президентінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Мемлекет басшысының Өкімімен Аида Ғалымқызы Балаева басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды" делінген хабарламада. Оның орнын Ғани Нығметов басты.

Ол 1983 жылы Шалқар қаласында дүниеге келген. Білімі - жоғары. Мемлекеттік басқару магистрі. Соңғы рет ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары болған.

Тегтер: ҒаниНығметов, Президент, әкімшіліа

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.