"Грейг" қызғалдағын жұлғандарға енді жаза қатаң болады
"Грейг" қызғалдағын жұлғандарға енді жаза қатаң болады

Питэр Вис, турист Мен далада еркін өскен жабайы қызғалдақтарды бірінші рет көріп тұрмын. Өте әдемі көрініс. Біздің Нидерландта қызғалдақтар арнайы егістікте ғана өседі. Тарихымызға көз салсақ, бізге бұл өсімдіктердің түрі түрік елінен әкелінгені көп айтылады. Енді жойылып кетудің аз-ақ алдында тұрған қызғалдаққа қатысты қылмыстық істі сөз етсек. Себебі соңғы уақытта желіде көп тараған ақпарат бұл. Құзырлы орган өкілдері Қазақстанның қызыл кітабына енген өсімдіктің бұл түріне қатысты айыппұл көлемін ұлғайтты. Табиғаттың осы бір кереметін жұлғандарға жаза қатаң.Ұласбек Кембаев, Сайрам-Өгем табиғи ұлттық паркі Түлкібас аудандық филиалының директоры: «Грейг» қызғалдақтарын қорғау, көбейту мақсатында жұлған азаматтарға айыппұлдың бағасы жоғарылады. Бұдан былай, бұл маңда учаскелік полицияның қызметкерлері мен табиғатты қорғау саласының мамандары тәулік бойы күзетеді. Тіпті алдағы уақытта арнайы бекеттер қоюды жоспарлапты. Саяхаттаушылардың келгенін естіген олар түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ескерту парақтарын таратып жүр.
Сәкен Жұмабеков, учаскелік полиция инспекторы: Бізде осы аумақты қорғау үшін ресми бекеттер қойылады. Сол бекетте полиция қызметкерлері жұмыс атқарады. Осы аумақты қарап, қадағалайды. ҚР қылмыстық кодексінің 339-бабын көп адамдар біле бермейді. Осына түсіндіреді. Қазақ даласында қызғалдақтың отыздан астам түрі бар. Тіпті «Қызғалдақтар елі» атанып кеткен Нидерландтың өзінде нақ осы гүлдің түрлері осыншалық әркелкі емес. Соған қарамастан қызғалдақ гүлi нидерландтықтар арасында аса қастерлі саналып, жоғары бағаланады. Себебі олар жыл сайын осы өсімдікті сатудан 500 миллион АҚШ доллар табыс табатынын БАҚ өкілдері жарыс жазып жүр. Ал біздегі тәртіптің қатаңдауы табиғатқа қамқорлық десек болады.