Алматыда есірткіге еліген куәліксіз жүргізуші полицейлерден құтылмақ болған
Алматыда есірткіге еліген куәліксіз жүргізуші полицейлерден құтылмақ болған

Жүргізуші полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату жөніндегі ескертуін елемей, керісінше жылдамдықты қоса түскен. Осыған байланыстың оның соңына бірнеше полиция көлігі түсіп, көлікті қоршауға алып, оның одан әрі қозғалысына жол бермеді. Рульде 1992 жылы туған азамат болды. 2020 жылы қыркүйекте мас күйінде көлік жүргізгені үшін сот жүргізуші куәлігінен бір жарым жылға айырғаны белгілі болды. Бүгін дәрігерлер оның есірткіге масаң күйде болғанын растады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деді Алматы қаласы ІІД тергеу басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.Сонымен қатар жергілікті полиция басқармасының бастығы Манап Саттаров оған қатысты 15 әкімшілік хаттама толтырылғанын мәлім етті.