Алматыда атыс шығарған ер адамның азаматтығы анықталды
Алматыда атыс шығарған ер адамның азаматтығы анықталды
Алматы полициясы "Бұхар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде атыс шығарған ер адамның азаматтығын атады, - деп хабарлайды Newsroom+ақпарат агенттігі Polisia.kz.-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметі бойынша, күзетшіні атып, кейін 6 сағаттан аса уақыт бойы пәтерінде жасырынып отырған 1963 жылы туған ер адам Ресей азаматы болған. "Оқ-дәрілері бар қарудың күдіктіге тиістілігі тергеу барысында анықталады", - деді полиция өкілі.