Жол картасы: Жетісай ауданында 6,5 теңгеден шағын автобустар қатынайды

Жол картасы: Жетісай ауданында 6,5 теңгеден шағын автобустар қатынайды

ашық дереккөзі

 width= Жетісай ауданында ең өзекті мәселелердің бірі осы қоғамдық көліктер болып келген еді. Бұл мәселе "Nur Otan" партиясының республикалық сайлауалды штабының өңірге іссапарына көтерілген болатын. Мәселе партияның сайлауалды бағдарламасына да енгізіліп, нақты жұмыс атқарылды. Аудан орталығынан 20, 30,40 шақырымдай шалғай жатқан елді мекендерден келу үшін жеңіл көлікке адам басына 400 теңгеден 800 теңгеге дейін төлейтін. Бұл әрине қалтаға едәуір шығын еді. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында, аудан әкімі Жамантай Бейсенбаевтың бастамасымен аудан тұрғындарын қоғамдық көлікпен қамтамасыз ету мақсатында Жетісай - Сырабат - Жетісай және Жетісай - Көк төбе - Жетісай бағыттары іске қосылды. Қосымша айта кететін болсақ, бұл қоғамдық көліктер бір шақырымына 6,5 теңгеден қатынайтын болады.  width= "Оған қоса, келесі кезекте Жетісай - Сейфуллин (Жылы су) - Жетісай және Жетісай - Сейфуллин (Ералиев) - Жетісай бағыттарын ашу жоспарланған. Сонымен қатар, алдағы уақытта, 1. «Жетісай – Қоғалы – Жетісай», 2. «Жетісай – Атақоныс – Жетісай», 3. «Жетісай – Жеңістің 40 жылдығы – Жетісай», 4. «Жетісай – Аль-Фараби – Жетісай», 5. «Жетісай – Сәтпаев – Жетісай», 6. «Жетісай – Қараөзек – Жетісай», 7. «Жетісай – Жібек-Жолы – Жетісай», 8. «Жетісай – Қарасақал – Жетісай», 9. «Жетісай – Жүзімдік – Жетісай» бағыттары кезең-кезеңімен іске қосылатын болады" дейді Жетісай ауданы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Нүркен Әлмеш. Айта кетейік, Бұған дейін 2020 жылы қалаішілік "Ынтымақ" және қала маңындағы "Жетісай - Асықата - Жетісай" бағыттары ашылған болатын.

Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Жүктелуде...