Петропавл тұрғыны көлікпен Есіл өзеніне түсіп кетіп, қайтыс болған
Петропавл тұрғыны көлікпен Есіл өзеніне түсіп кетіп, қайтыс болған

Хабар түсісімен-ақ оқиға орнына 5 адамнан тұратын құтқару тобы жіберілді. Сүңгуірлер сағат таңғы 6.00-ден іздеу операциясын бастады. Тек сағат 11.00 шамасында ғана автокөлік жағалаудан 30 метр жерден табылды. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің, полиция қызметкерлерінің қатысуымен көлік судан шығарылған. Оның ішінен жолаушының мәйіті табылды. Қаза тапқан ер адам 39 жаста, Петропавл тұрғыны. Алдын ала болжам бойынша, олар балық аулаған. Спирттік ішімдік ішкен. Соңы осылайша қайғылы аяқталды», - дейді СҚО ТЖД бөлім бастығы Сәкен Ағзамов.