Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.
Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, оның анасы да жансақтау бөлімінде жатыр.