Қайрат Әділгерей: аяғымның ақсақтығы үшін театрлар алмады, кастингтерден өтпедім
Қайрат Әділгерей: аяғымның ақсақтығы үшін театрлар алмады, кастингтерден өтпедім

"Академияда жүргенде дайындақ залында нота дәптерлер тұратын. Бәрі пайдаланады. Бір күні соның ішінен 200 доллар тауып алдым. Студент кезім. Ақшаны алып алдым. Еркебұлан деген досыма айттым. Бірге тұратын едік. Солай пәтерімізді ауыстырдық. Керек-жарағымызды алдық. Бір апта өткенде жол апатына түстім. Аяғымды кесті. Күйзелісте болдым. Кейін ойланып жатып, сол ақшаның иесінің көз жасы емес пе екен деп ойладым. Ақшаға мұқтаж адамның ақысын жедім бе деп әлі күнг дейін ойланам. Аяғымның кемістігі үшін театрлар алмады. Кино кастингтерден өтсем де, аяғым ақсақ болғаны үшін шақырмады. Сондай кедергілер болды. Өз орнымды дубляждан таптым ба деп ойлаймын. Дубляжда ақсақ болсаң да, басқа болсаң да бәрібір. Даусың жақсы болса, шеберлігің болса болды", - дейді актер.https://youtu.be/aOS1mrCKfco