Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктілік, жасанды түсік белең алған
Жасөспірім қыздар арасында ерте жүктілік, жасанды түсік белең алған

Шәкизат ЖАҚСЫМБЕТОВНА, ҚР ДСМ ана денсаулығын сақтау басқармасының жетекшісі Жүктіліктің болуы босануы, түсік жасау көрсеткіштер 1000-ға шаққанда көрсетіледі. 2020 жылы 2019-ға қарағанда төмендеген анықталған. 1000 қыз балаға 2,5 мың болса, 2,2 төмендеген".Сандарға сүйенсек, жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік бойынша Маңғыстау, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Атырау, Алматы өңірлері көш басында. Бұл соңғы дерек. Ең қиыны от басқан қаракөздер, үйінен қолдау таппағасын амалдың жоқтығынан «Аналар үйіне» баруға мәжбүр. Қазір республика бойынша 200 қыз бала осында өз бөбектерін тәрбиелеуде.
Сания АРЕНОВА, «аналар үйі» жобасының жетекшісі Бізде мынадай жағдай болды. Үйдің табалдырығын енді ғана аттап, тіркеуге алып жатқан қыз баланың толғағы қысып, суы кеткен. Сол күні баласын бауырына басып, қайта бізге келді".Мамандар ойнап жүріп от басатын қыз балалардың көбі жағдайы төмен отбасыдан шыққан дейді. Ал жоспарсыз жүктіліктің соңы түрлі қиын жағдайлармен аяқталуда. Тіпті, гинекологтың есігін қақпағандар жетерлік екен.
Сания АРЕНОВА, «аналар үйі» жобасының жетекшісі Бізге өте жас аналар көмек сұрап келеді. Бойжеткендердің көбі жүктіліктің соңғы айында мамандарға жүгінеді. Ең өкініштісі, олар еш жерде тіркеуде жоқ. Дәрігерге қаралмаған. Ал ең жас ананың жасы - 13-те болған. Өздеріңіз білесіздер, мұндай ерте жүктілік Семей қаласында тіркелген".Жуырда жасанды түсік жасатудан Қазақстан әлем елдерінің ішінде Ресей мен Вьетнамнан кейін 3-ші орында тұр деген мәлімет тараған еді. Алайда Денсаулық сақтау министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Бұл 2004 жылғы ескі мәліметк екен. Керісінше, соңғы жылдары елімізде аборт пен ерте жүктілік жыл санап төмендеп келеді екен. https://youtu.be/xNxr2er2EyY