Жаңалықтар

Қоқыстан табылған елтаңбалар: Прокуратура оқиғаға қатысты түсініктеме берді

   />

Павлодар облысы Ақтоғай ауданындағы қоқыс полигонынан табылған елтаңбаларға қатысты аймақтың бас прокурорының міндетін атқарушы Жарқын Құсайынов түсініктеме берді,  деп хабарлайды <a href=Newsroom+ақпарат агенттігі. Жарқын Құсайыновтың сөзінше, аталған факті бойынша облыстық прокуратура қызметтік тексеру жүргізген.

Ақтоғай ауданы прокуратурасының қызметкерлері мен жұмысшыларының мемлекеттік елтаңбалар табылған қоқысты шығаруға қатысы жоқ", - деді Құсайынов.

Кінәлілерді Ақтоғай ауданының полиция бөлімі анықтайды. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 372-бабы "мемлекеттік рәміздерді қорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Айта кетейік, тергеу жүріп жатқан "мемлекеттік рәміздерді қорлау" бабының санкциясы 2 000 АЕК (2021 жылғы деректер бойынша 5 834 000 теңге) дейінгі мөлшерде айыппұл салуды немесе 2 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан елтаңбасы мен Ақтоғай ауданы прокуратурасының тақтайшасын облыс тұрғындарының бірі аудан орталығынан екі шақырым жерде орналасқан қоқыс үйіндісінен тапқан болатын.