"Құдай сақтасын": Әнші Бүркіт екінші әйел алу туралы

29 Шілде, 2019 534 0

Үнемі бейнебаянда әйелімен бірге өнер көрсететін Бүркіт бұл жолы өзге қыз-келіншектермен түсті. Алайда әнші қандай жағдай болса да, келіншегіне опасыздық жасамайтынын айтады, деп хабарлайды Stan.kz «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасап. 

«Құдай сақтасын. Ниетіміздің түзу екенін Алла біледі ғой. Менен бұған қатысты жиі сұрап отырады инстаграм желісінде. «Екінші әйел алып, отбасыңызды бұзбаңызшы» деп те өтініп жатады. Сол себепті тыңдармандарыма «Мен ондайға бармаймын» деп жауап қайырғым келеді», - дейді әнші. 

Әрі қарай әнші ата-анасына қарап бой түзейтінін бөлісті. Айтуынша, олар жарты ғасырдан ұзақ уақыт бірге өмір сүріп жатыр. 

«Өзімнің жарым мен балаларымды сыйлаймын. Ол адамның әрқайсысының қалауы ғой. Мысалы, мен әке-шешеме қарап өсемін. Олардың бірге тұрып жатқанына бүгінде 60 жылдан асты. Сол себепті бұл нәрсе біз үшін қашан да үлгі. Солай жасауға мен ұмтыламын. Екінші әйел алмаймын», - деп ағынан жарылды әнші. 

Сөз соңында ол әйелінің бейнебаянға түспеуі уақытша екенін жеткізді. 


Тегтер: Бүркіт, әнші, тоқал, бейнебаян

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.