Үш балаға оқ атты: Тараздағы оқиғаның қалай болғаны белгілі болды
Үш балаға оқ атты: Тараздағы оқиғаның қалай болғаны белгілі болды

Бір баланың иегіне тиген мойнына тиген және екі білек аймағына және екі сан аймағына тиген. Алыстан болғаннан кейін шашыранды болып жарақаттанған. Балалар түскен уақытта бірінші хирургиялық өңдеу жасап, толыққанды медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі таңда балалардың жағдайы қанағаттанарлық", – деді травматолог-ортопед Демеу Әліпбаев.Балалардың бірі 16 жаста, қалған екеуі 17-дегі бозбалалар. Дәрігерлер жеткіншектердің денесінен бас аяғы алты оқ шығарған. Абырой болғанда, бытыра оқтары денелеріне терең дарымапты. Ішкі мүшелері зақымданбаған. Қазір науқастар ем қабылдап жатыр. Ал, құқық қорғаушылар қылмысқа қатысты күдіктіні анықтап, қамауға алғандарын айтады.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қылмысты жасаған күдікті ұсталып, қамауға алынды. Кәмелетке толмағандардың денсаулық жағдайы тұрақты, өміріне ешқандай қауіп жоқ", – деді қалалық полиция басқармасы №2 полиция бөлімінің бастығы Бейбіт Нәлеков.Күдіктінің қанша жаста екені, қарулы қылмысқа неліктен барғаны әзірге белгісіз. Себебі полиция тергеу құпиясына байланысты басқа да ақпараттарды жарияламады. Ал, аурухана төсегіне таңылған балалар жақын күндері үйлеріне оралмақ. Айта кетерлігі, аталған Шөлдала аумағында жасөспірімдердің құқық бұзушылығы жиі орын алады. Еске салсақ осындан 10 ай бұрын 8 сынып оқушысы 8 жерден пышақталып қаза тапқан болатын.