66 млн теңгенің медпункттері қызмет етпестен жабылып қалған
66 млн теңгенің медпункттері қызмет етпестен жабылып қалған

Тиын БАЛМҰРЗАЕВА, жарма ауылының тұрғыны: Амбулатория қолданысқа берілгелі оншақты жыл болды, тіпті одан да көп жыл. Бірақ, біз оның бәлендей игілігін көріп отырғанымыз жоқ. Ол постоянно жабық тұрады. Оның ішінде құрал-сайманы, дәрі-дәрмегі , егетін уколдары болмағасын оның ішінде медсетрада тұрақты отыра алмайды. Үлкен кісілерге, кішкентай балаларға ,аяғы ауыр келіншектерге одан болып жатқан көмек жоқ. Олардың барлығы да селкілдеп, алысқа қара жолменен дәрігерге кетеді".Аудан атқамінерлері бұл мәселеге қанық . Бірақ, қолдан келер қайран жоқ деп қол қусырып отыр . Өйткені шалғай ауылдарға жас мамандар бармайды. Ал жергілікті қазынаның 66 миллион теңгесіне салынған үш бірдей медпункттің жабылуын халық санының аздығымен және мамандардың тапшылығымен байланыстырады. Кейін бұл нысандарды шағын бала-бақша ретінде пайдалануға бермекші болыпты. Алайда, ол ойлары да жүзеге аспаған.
Талғат ҚЫЛАНОВ, Маңғыстау ауданы әкімінің орынбасары Ондай мәселе бізде Саздыда да бар, Жармада , Қияқты деген жерде бар. Осындай мәселе бар. Үшеуі де қаңырап бос тұр. 2007 де салынған кезінде. Республикадан ақша бөлінген толықтай барлық ауылдарға. Ол, кезде халық санын қалай есептеді ол туралы мен білмеймін. Ол кезде мен болған жоқпын. Бергі жақтағы ауылдарда өсім болмай қалды. Халық қалаға көшіп басталды. Өспегеннен кейін перспектива болған жоқ".Ал, облыстық денсаулық сақтау басқармасындағыдар медпункттерді ұстап тұру үшін жанжақтан маман тартпақ болыпты, бірақ одан да түк шықпаған.
Нұрбол ОҚУОВ Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Ол жерде кінәлі тұлғаны іздеу қисынсыз сияқты. Денсаулық сақтау басқармасының бұл жерде еш қатысы жоқ. Біз маман тауып беруге барынша ықпал еттік. Бірақ халық көшіп кеткеніне байланысты көшіп кетіп жатты. .......Медпунктерді сонымен жабылуын байланыстырып отырмыз".Енді аудан әкімдігі үш бірдей ауылдағы қаңырап қалған бос ғимараттарды сенімгерлік жолмен кәсіпкерлерге жалға бермекші. Алайда, оған әзірге еш сұраныс жоқ көрінеді. https://youtu.be/aIiC0Jt8iVA