БҚО-да мұғалім Tik-tok түсіргені үшін жұмыстан шығарылды
БҚО-да мұғалім Tik-tok түсіргені үшін жұмыстан шығарылды

Қаңтарда қалай финполицияға бердік, содан бері сыйғызбай келе жатыр ғой. Анаған байланады, мынаған байланады (...). Менде TikTok деген приватный аккаунт. Өзім оқушыларыммен түсемін. Ән айтамын, бишімін ғой. Бір күнде жұмыстан шығарып тастауы менің 25 жылдық еңбегімді жоққа шығарғаны ғой", – дейді Теректі аудандық музыкалық мектептің бұрынғы меңгерушісі Сандуғаш Бисенғалиева.Сонымен бірге жұмыссыз қалған мұғалім мектеп директоры TikTok-тағы видеосын көптің талқысына ұсынып, этика әдебінен аттап кеткенін айтады. Әділдік іздеген Сандуғаш Бисенғалиева Теректі аудандық білім бөлімі мен еңбек инспекциясына шағымданған.
Мектеп директоры өз қызметкерін жұмыстан шығармастан бұрын, білім бөлімін ескертуі керек. Бірақ ол бұл туралы тіс жармады. Сондықтан директоры қызмет бабын асыра пайдаланды деп санаймын. Әрі адамның жеке видеосын таратуға болмайды. Туындаған дауды заң аясында шешуге тырысамыз", – дейді Теректі аудандық білім бөлімінің меңгерушісі Жанаргүл Құсайынова.