Қыз зорлағандары үшін сотталған «Тальго» жолсеріктері ҚТЖ-дан қуылды

26 Шілде, 2019 260 0

«Тальго» пойызының жолсеріктері қыз зорлағаны үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ жұмысынан қуылды деп хабарлайды Stan.kz  компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, жұмыс берушінің бастамасымен пойыз жолсеріктері жұмысынан қуылды. Компания зорлау фактілеріне жол берілмеуі тиіс екенін мәлімдейді. Сондай-ақ, осындай әрекеттерді айыпты санайды. Осы оқиғадан кейін мұндай жағдайларға жол бермеу жөнінде компанияның барлық қызметкерлеріне нұсқаулық берілді. Қызметкерлердің медициналық тексерістен өтуіне, соның ішінде психологтар мен нарколог-дәрігерлердің қорытындыларын алуына қосымша тексерістер жүргізілді», – делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, ендігіде жолсеріктер үшін психолог кабинеттерін ашу жоспарланып отыр. Ол 2020 жылы жұмысын бастайды. 

Еске сала кетейік, бүгін «Нұр Сұлтан – Ақтөбе» пойызында жолаушы қызды зорлаған жолсеріктерге қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Бұрын хабарлағандай, зорлық-зомбылыққа қарсы «НЕ Молчи» қоғамдық қозғалысының жетекшісі Дина Смаилова 2018 жылдың 26 қыркүйегінде «Тальго» пойызында жолсеріктер жолаушы қызды зорлағаны туралы желі парақшасында жариялаған болатын. Сот отырысы алты айдан астам уақытқа созылды, үкімнің жариялануы бірнеше рет кейінге қалдырылды.


Тегтер: Тальго, жолсеріктер, Жолаушылартасымалы, зорлық

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.