Алматыда крематорий құрылысы қашан аяқталады?
Алматыда крематорий құрылысы қашан аяқталады?

«Былтыр коронавирус салдарынан қалада шетелдіктер қайтыс болды, ал олардың туыстары марқұмдардың денесін өртеуді сұрады. Өйткені, пандемияға байланысты денесін елден шығару жағдайы күрделене түсті. Сондай-ақ, біз әртүрлі дін өкілі тұратын көпконфессиялы елміз», – деді басқарма басшысы.Сапар Нұрашевтың айтуынша, крематорий құрылысы биыл 21 қыркүйекте аяқталуы тиіс. Еске сала кетейік, 2020 жылғы 21 желтоқсанда Алматы билігі «Mega Build Kazakhstan» ЖШС-мен 1,47 млрд теңгеге крематорий салу шартына қол қойған. Құжат бойынша жұмыс 2021 жылдың 21 қыркүйегінде аяқталуы тиіс. Сатып алу бір көзден, тікелей шарт жасасу арқылы жүзеге асырылған. Бір залы мен екі пеші бар крематорий Алматы қаласы, Алатау ауданы, Ақын Сара көшесінің солтүстігі, ЖЭО-2-нің шығысына қарай орналасқан патологоанатомиялық бюро жанында салынады.