Пойызда бойжеткенді зорлаған жолсеріктерге үкім шығарылды

26 Шілде, 2019 563 0

Бүгін Қостанайда «Тұлпар-Тальго» пойызында ақтөбелік бойжеткенді зорлаған екі жолсерікке үкім оқылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Қылмыс өткен жылдың аяғында болған. Әйел астанадағы ғылыми конференцияға қатысып, туған қаласына келе жатқан. Күдіктілер жымысқы әрекетін іске асырған кезде пойыз Қостанай облысының Таран ауданы аумағында болғандықтан, іс Таран аудандық сотында қаралды. 

Елді шулатқан іске бүгін нүкте қойылды. Қостанайдың №2 қалалық сотында судья Сатыбалды Оразбай бұрынғы жолсеріктер Қолқанат Құрманиязов пен Жетес Үмбетәлиевке шығарылған үкімді оқыды. 

«Жетес Үмбетәлиев пен Қолқанат Құрманиязовқа қатысты істі қарап, олар 121-баптың 1-бөлігіне сәйкес айыпты деп танылсын және олардың әрбіріне 2 жыл 6 мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы берілсін. Олар жазаны қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейді. Сотталушылар сот залында қамауға алынсын», - деген шешімді оқыды судья. 

Бұдан тыс, сотталушылардың әрбірі 15 АЕК мөлшерінде айыппұл, сондай-ақ процестік шығындар үшін мемлекетке әрбірі 717 мың теңге төлеуге міндеттелді. 

Дереккөз: ҚазАқпарат



Тегтер: бойжеткен, «Тұлпар-Тальго»пойызы, зорлық, жолсерік

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.