Ақтөбе іргесіндегі 6 ай бұрын төселген асфальт опырылып жатыр
Ақтөбе іргесіндегі 6 ай бұрын төселген асфальт опырылып жатыр

Вусал АХМЕДОВ, мердігер компанияның өкілі Неге асфальт түсіп кеткеніне келсек, былтыр біздің алдымызда бұл жерге су құбырын жүргізген. Жерді қазғанда астына жиналып қалған. Көріп тұрсыздар ғой, құбыр қойып кеткен жердегі асфальт түк бүлінбеген. Қалған олқылықты бір аптаның ішінде қалпына келтіреміз. Жолдың жиегінен шұңқырлар қазамыз, аққан су сол жерге жиналатын болады».Жолы шұрық-тесік жалғыз Ақтөбе емес. Әлеуметтік желі әбден тоз-тозы шыққан даңғылдардың видеосына толып кетті. Жылда еріген қармен бірге ағып кететін асфальтты сынағандар легі азаяр емес. Ал мына видео автордың айуынша, Ескелді ауданында түсірілген. Қай өңірдің болмасын көлік жүргізушілерін жыларман күйге түсірген асфальт жайы мемлекет басшысының да құлағына жетті. Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке, әкімдер мен құқық қорғау органдарына жағдайды реттеу үшін жүйелі шаралар қабылдап, оның есебін беруді тапсырды. Бұл туралы Туиттерде жазды.
Еліміздегі республикалық және жергілікті жолдардың жағдайына қатысты азаматтардың айтып жүрген сыны орынды. Сапасыз жасалған жол жыл сайын жөндеуді қажет етеді және бұған мемлекеттің қаржысы тиімсіз жұмсалып жатыр». ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевhttps://youtu.be/yVrvaBTEmmU