Ішімдікке салынған: Анасы мүгедек қызын 2 айында күйеуіне тастап кетіп қалған

25 Шілде, 2019 601 0

Анасы мүгедек қызын 2 айында күйеуіне тастап кетіп қалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Бір сұрақ" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Рысмахан Айтпаев жалғызбасты әке. Қазіргі таңда үш жастан асқан Інжу атты қызы бар. Інжу туылғаннан табан ДЦП-сы ауруына шалдыққан. Алайда анасы екі айлық нәрсетені әкесіне тастап, ішімдікке салынып кеткен көрінеді. Рысмахан Айтпаев әйелі туралы айтып, енді қызын анасына бермейтінін жеткізген.

"Қызым екі айға толғанда шешесі ішімдікке салынып кетті. Басқа біреуге кетіп қалды ма білмеймін, қызым екеуіміз қалып қойдық. Екі жасқа келгеннен кейін аяғын толық баса алмай, ауруханаға апардым. Сөйтсеп туылғаннан табан ДЦП-сы бар екен. Қазір аяғын басқысы келеді, бірақ толық баса алмайды. Мамандар массажбен көреміз деп жатыр. Болмаса ота жасаймыз деді", - дейді Рысмахан Айтпаев.

Арада өткен үш жылдың ішінде анасы Інжуді бір рет болсын іздеп, қалын сұраған емес. Бүлдіршін көзін ашқалы бері әкенің қамқорлығын көріп келеді. Інжудің анасы Рысмаханға дейін де тұрмыста болған, бір баласы бар. Ұлы Рысмаханның қолында 7 жыл тұрып, өз әкесіндей көрген. Алайда, әйелі кетіп қалғаннан кейін, ұлды Рысмахан қайынатасына табыстаған.

"Өтірік айтпай-ақ қояйын, бір рет болсын хабарласып көрген жоқ. Анасы тірі. 7 жыл бірге тұрдық. Ішімдікке әуестігін байқамадым. Қызымызға аяғы ауыр кезде 6 ай болғанда ішімдікке салынып, қызымды мас күйінде босанды. Азаматтық некеде тұрып жүрдік. Адамдар әйелімді көріп қалып, хабарласып бомж болып кеткен деп айтады", - дейді жалғызбасты әке.

Осылайша ұлы мен қызы бар ана арақ ішкеніне риза болып, көше кезіп, қаңғып кеткен. Арасында Рысмаханға хабарласып әйелің ана жерде, мына жерде жатыр деп айтатындар да бар көрінеді. Жалғызбасты әке әйелі емделіп келсе де қызын қайтара алмайтынын айтты. Алайда, кездесуге шектеу қоймаймын дейді ол. 

"Адам деген қателеседі, апармаған жерім жоқ, қолымнан келгенше тырыстым. Бірақ болмады. Анасы жоқ қыз деп жаным ашыды. Оны бір баласымен алған едім. Ол кезде ұлы 3 жаста болған. Мені әке деп қолымда 7 жыл тұрды. Ешкімнен кем қылмай өсірдім. Қызымды көрсеткенмен, анасына бермеймін", - дейді Рысмахан Айтпаев. 


Тегтер: ана, бала, мүгедек, тастанды

Достар! Біздің телеграмма арнамызға жазылыңыздар және соңғы жаңалықтарды бірінші болып біліп отырыңыз. Жаңалықтар Сізге дереу жетеді!

Пікір қалдыру

Пікір жазу үшін сайтқа кіріп, телефон нөмірін растаңыз.