Пандемия кезінде елімізде байлар мен кедейлер саны артты
Пандемия кезінде елімізде байлар мен кедейлер саны артты

Салтанат ОРАЗБЕКОВА, әлеуметтанушы Бізде бағаның өсуі шетелдермен салыстырғанның өзінде едәуір үлкен екен. Мысалы оның өзі қазір 7-9 процентке саналады. Статистика бойынша. Ал сол баяғы пандемия кезінде, Ресейде 5 процент болды, еуропа елдерінде мүлде 1 процент ғана өскен. Яғни адамдардың қаражаты тек қана тамаққа ғана жетеді».Бірақ, осы пандемия жолына кездескеннің бәрін жойып жатыр дегенмен, тек бай-бағландардың жиған тергеніне тиіттей де залалын келтірмегенге ұқсайды. Найт Фрэнк консалтинг компаниясы карантин кезінде бай-манаптары көбейген елдердің тізімін жариялады. (Индонезия 67 пайызбен бірінші орында. Үндістанда да ауқатты адамдар саны 63 пайызға артқан. Польша мен Швеция да осы деңгей шамалас. Түркиядағы ауқаттылар 43 процентке көбейсе, Замбияда 40 пайыз. Одан кейінгі орында 33 пайызбен Қазақстан тұр). Иә, шалыс естіген жоқсыз. Топ-сегіздікті Қазақстан түйіндеп тұр. Демек, былтыр дүйім жұрт маска мен дәрі таппай сенделіп жүргенде, баз біреулердің мал-мүлкі еселеніп жатты. Байдың асын байғұс қызғанды емес, ашық ақпарат көзінде былтыр біздегі миллионерлердің саны 33%-ға көбейіп , тіпті АҚШ пен Ресейдің қалталыларын артта қалдырған.
Арман БАЙТАНОВ, экономист Соңғы бір жарым жылда қор биржаларындағы нарықта баға 23 пайызға өсті. Бұл экономиканың өсіміне ешқандай әсер еткен жоқ. Қаржылай қолдау Үкімет тарапынан болды. Сондықтан бизнес қатты зардап шекті деп айта алмаймыз".Білесіз, былтыр Үкімет індетпен күреске ұлттық қордан 17 миллиард доллар жұмсады. Экономистердің пайымынша, ырымдап-жырымдап болса да сол қаражаттың пайдасын көргендер көп болды бізде.
Бізде байлардың саны екі түрлі жағдайда көтерілуі мүмкін. Індетпен күреске бөлінген қаражаттың пайдасын көргендерден бөлек, азық-түлік, маска, дәрі-дәрмек бағасын қасақана өсіргендер болды. Пандемия кезінде байлардың көбейгені еліміз үшін жағымды жаңалық емес. Керісінше, жемқорлықтың басым екенінің дәлелі. Америка және Еуропа елдерінде байлардың дәулеті ғылымға жаңалық әкелуі, айти бағдарламаларын дамытуы, жаңа технологияға қол жеткізуімен өлшенеді. Ал біздің байлар қарабайыр жолмен табыс тауып отырғандар» - Рашид ЖАҚСЫЛЫҚОВ, Экономист.Тақырыпқа тұздық болсын, осы ретте «Альпари» сараптама орталығы 162 отандасымыздың 50 млн АҚШ долларынан асатын қаражаты бар деген қорытындыға келді. Ал бұл сома барша қазақстандықтар байлығының жартысы шамалас көрінеді. .