Елорда: түзету мекемесіндегілер жұмыс сұрап отыр
Елорда: түзету мекемесіндегілер жұмыс сұрап отыр

Ернат АҚЫЛЖАНОВ, қалалық қылмыстық атқару жүйесі депараментінің басшысы Егер тапсырыс көп болса, біз сотталғандарды жұмыспен қамтимыз. Қазірі таңда Нұр-Сұлтан қаласы, қалалық қылмыстық атқару жүйесінің депараментінің түзеу мекемелерінде отырғандардың 2,5 миллиард қарыздары бар. Олар жеке тұлғаларға, мемлекетке қарыз. Олар егер оны өтемесе, олар мерзімінен бұрын босауға немесе жазаның жеңіл түріне ауыса алмайды".Колониядағы жазасын өтеуші азаматшаны сөзге тарттық. Жасы 50-ден асқан әйел қаржылық пирамидаға білместікпен маркетолог болып жұмысқа кіріп, екі аптадан кейін былыққа тап болғанын түсінгенде, қолға түсіпті. Сөйтіп, 4 жыл 7 айға сотталған. "Қазақ айтады ғой, «айран ішкен тұтылып, қаймаған жеген құтылып» деп. Сол нағыз қылмыскерлерді таппады. Мен бар ғой үкіметіме қанша қызмет еттім. Жыным келеді, намыстанамын". Аты-жөнін жасырған кейіпкеріміз жесір екенін, сондай-ақ бостандықта екі баласының қалғанын айтады. Сондықтан "пирамидада" алданған 800 адамға миллиондаған қарызы болса да, еркіндікті аңсайды. Біз жемқорлықпен ұсталып, сотталған шенеунікпен де сөйлестік. Өмір бойы қағаз толтырған ол өмір барлығына бейімдейді екен, дейді. "Қол үйренді. Денім сау, мемлекетке келтірген залады өтеу керекпін. Түзелу керек. Сосын тездетіп бостандыққа шығып, үйде болсам деймін". Қоныс колониясын аралағандар арасында мәслихаттың хатшысы да болды. Қаладағы Байқоңыр ауданының әкімі болған, Алтай Көлгіновтың экс-орынбасары Ерлан Қаналимов сотталғандар ішінен бұрынғы әріптесін де кездестіріпті.
Ерлан ҚАНАЛИМОВ, қалалық мәслихат хатшысы Қаланың аумағында жұмыс істеген жігіттер ғой. Қала әкімдігінің құрамында, бөлімшелерінде, мекемелерінде. Таныстарым. Бәріміз әріптес болдық кезінде. Бірге істедік. Жаңа жағдайларын сұрап жатқаным сол себепті ғой. Қалай екенін, қарым-қатынас қалай. Жұмыс істеп жатыр екен. Ешқандай қажеттіліктері жоқ".Түзету мекемесінің басшысы сотталғандарды жұмыспен қамту мәселесін мәслихаттағыларға тапсырды. Өйткені жоғарыда аталған бірнеше миллиард теңге берешек өтелінебесе, қылмыскерлер мерзімінен бұрын бостандық шығуы мен жазаның жеңілдеуі екіталай. Ал, қалалық депутаттар көмек беретіндерін айтты. https://youtu.be/VVnmU4gz3rs